Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

04.07.2018

Қайырлы күн! Есімім Арман. Сіздерге қояр сұрағым жер сілкінісінің арасындағы ең қауіптісі болып қай түрі есептеледі?

Қайырлы күн Арман! Жер сілкінісінің негізгі төрт түрі бар, солардың арасындағы ең қауіптісі тектоникалық жер сілкіністері.

Аға әдіскер Дауленов Н.М.

26.06.2018

Қайырлы күн! Сіздердің сайттарыңызда ашылған электронды кітапханаға қуаныштымын. сұрағым электронды кітапханадан сіздердің тоқсан сайын шығатын журналды ала аламыз ба?

Сәлемсізбе ! Сұрағыңызға рахмет әзірге әлі орналастырмадық болашақта жоспарда бар.

Жауап берген Оқу әдістемелік бөлімінің бастығы - Булыбаева Б.

19.06.2018

Саламатсыздар ма? Атым Бағила, 2-курс студентімін . Менің Орталықтарыңыздың психологына қояр сұрағым, кішкентай балалар үшін төтенше жағдайдан алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша материалдарыңыз бар ма?Рахмет.

Жауап:  Қайырлы күн  Бағила. Біздің Орталықта  төтенше жағдай кезінде балаларға алғашқы психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістері бойынша материалдар  бар.  Орталыққа келіп, керекті материалдарды ала аласыз.

 Жауап берген: пс-г Исабаева Л.М.

23.05.2018

Саламатсыздар ма, атым Мөлдір. Менің қояйын деген сұрағым, Республика бойынша хабарландыру жүйесін қосуға жарлықты кім береді?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Мөлдір

ЖАУАП: Оқытушы Жаксылыков А.А.

Жауап: Саламатсыз ба, Мөлдір. Республикалық деңгейде хабарландыру жүйесін қосуға өкімді -Үкімет береді. Ол туралы Азаматтық қорғау туралы заңда жазылған.

18.05.2018

Саламатсыздар ма, атым Марат, көшіру комиссиясының төрағасымын. Маған бейбіт және соғыс уақыттағы көшіру бойынша нұсаулық материалдары қажет болып жатыр. Қолымда бар «АҚ заңы» мен ІІМ-нің №209 бұйрығынан басқа материалдар бар ма? Рахмет

ЗАДАВАЛ(А) ВОПРОС: Марат

ОТВЕТ: Аға оқытушы : Кулумбетова Х.А.

Саламатсыз ба Марат, біздің Орталықта қазіргі таңда «Бейбіт уақыттағы эвакуациялық шараларды ұйымдастыру» және «Соғыс  уақыттағы эвакуациялық шараларды ұйымдастыру»  бойынша әдістемелік ұсыныс өңделіп, 04.07. 2017жылы ТЖК- мен бекітіліп, сатылымға шықты, оны Орталықтың мекен жайынан ала- аласыз.

17.04.2018

Қайырлы күн! Радиациялық және химиялық барлаудың қазіргі уақытта қандай аспаптары қолданылады?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Қанат

ЖАУАП: Оқытушы Жаксылыков А.А.

 

Қайырлы күн! Радиация бойынша қолданыстағы аспап ДП-5В, химия бойынша химиялық барлаудың әскери аспабы қолданылады! Қосымша сұрақтар бойынша 273-98-46 номеры арқылы біле аласыз.

10.04.2018

Ұйымдардың эвакуациялық жоспары ТЖД-мен келісілуге міндетті ма?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Мақсат

ЖАУАП: оқу бөлімінің бастығы Тасиева А.А.

Жоқ, келісілмейді.

04.04.2018

Салеметсізбе? Есімім Қанат. Террористік лаңгестік қауіпінің қанша деңгейі бар?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Қанат

ЖАУАП: Аға әдіскер Дауленов Н.М.

Әрине 3 деңгейі бірқалыпты сары , қызғылт сары, шекті қызыл деген үш түрі бар.

28.03.2018

Ассалаумағалайкум! СІЗДЕРДЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТОЛЫҚТЫРЫЛЫП ЖАСАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ БАР МА? ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛА МА?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Арман

ЖАУАП: Сарапшы аудармашы Ахатова С.А

Сәләмәтсіз ба? ИӘ, БАР. «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ӨРТКЕ қарсы ҚЫЗМЕТТІҢ

ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ОҚУ ҚҰРАЛЫ» ЖАҚЫНДА ЖАРЫҚ КӨРЕДІ, БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚТАН АЛУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.

14.03.2018

Сәлеметсіз бе! Мен қауіпті өндірістік объектінің бастығымын. Азаматтық қорғау бойынша біліктілікті арттырудан 3 жыл сайын өтіп отырамын. Енді Азаматтық қорғаныс бойынша семинар-тренингке қатыса аламын ба тақырыптары ұқсас па?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Қаламқас

ЖАУАП: оқу бөлімінің бастығы Тасиева А.А.

 

Сәлеметсіз бе Қаламқас, өз кезеңімен оқуға келіп отырғаныңыз қуантарлық жағдай. Ал Азаматтық қорғаныс семинарының тақырыптары сіз өтіп жүрген оқуға мүлдем ұқсамайды. Сол себептен сізге семинарға келудң маман ретінде ұсынамын.

Страница 5 из 17