Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

23.02.2018

Саламатсыздар ма, орталық қызметкерлері. Мен сіздердің бұрынғы оқып кеткен тыңдаушыларыңызбын. Сіздердің сабақ арасында жүргізген психологиялық сергіту жаттығуларыңыз бен тренингтеріңіз маған қатты ұнап қалды. Менің сурайын дегенім, сол жаттығу

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Ануар.

ЖАУАП:  Оқу-әдістемелік және ақпараттар бөлім басшысы – Мазимов М.М.

Саламатсызба,  әрине біздің Орталықта  психологиялық сладтар мен жаттығулардың жиынтығының  дискісі сатылымда бар. Кез келген  жұмыс  уақытында мекен жайымызға  келіп алуыңызға болады.

Толық ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы ала аласыз: 8(727) 394-56-38.

09.02.2018

Саламсіздер ме!Мен Мекеме психологымын, маған ТЖ-ға тап болған адамдардың басынан өтетін күйзеліс кезеңдері бойынша материалдар керек еді. Сол материалдарды сіздерден ала алам ба?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Ғабит.

ЖАУАП:  Оқу-әдістемелік және ақпараттар бөлім басшысы – Мазимов М.М.

Саламатсызбе ,Ғабит!  Біздің орталықта ТЖ психологиялық көмек туралы  ақпараттар бар. Толық ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы ала аласыз: 8(727) 394-56-38.

02.02.2018

Саламатсыздар ме? Сіздердің бейнефильмдеріңізді Youtube арнасынан қалай алуымызга болады?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Айгерім.

ЖАУАП:  Оқу-әдістемелік және ақпараттар бөлім басшысы – Мазимов М.М.

Саламатсызбе Айгерім.  Біздің Youtube арнамыздағы бейнефильмдерімізді арнайы корішуге рұқсат етілген бағдарламалар арқылы ала аласыз.

25.01.2018

Саламатсыздар ма? Психогендік реакцияның бірі- жүйке дірілінен зардап шегушілерге алғашқы психологиялық көмек көрсету жөнінде сіздерде материалдар бар ма? Бар болса менің сіздерден алуыма болады ма? рахмет.

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Ермек.

ЖАУАП: Аға оқытушы-психолог – Исабаева Л.М.

Саламатсызба Ермек.  Біздің орталықта «Психологиялық көмек көрсету жөніндегі тәжірибелік ұсыныстар жинағы» бар. Сонда негізгі психогенді реакциялардағы алғашқы психологиялық көмектер қалай көрсетілетіні жазылған.  Жинақта жүйке дірілі кезіндегі алғашқы көмек те қамтылған.Оны біздің Орталықтан келіп ала аласыз.

18.01.2018

Саламатсыздар ма, атым Еркебұлан. Менің қояйын деген сұрағым, Республика бойынша ғаламдық масштабтағы төтенше жағдай кезінде хабарландыру жүйесін қосуға өкімді ІІМ министрі бере ме?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Еркебулан.

ЖАУАП: Аға оқытушы – Исабаева Л.М.

Саламатсыз ба Еркебұлан. Республика бойынша ғаламдық масштабтағы төтенше жағдай кезінде хабарландыру жүйесін қосуға  өкімді ҚР Премьер- Министрі ҚР-ның  АҚБ  береді. Ол туралы Азаматтық қорғау туралы заңда жазылған.

12.01.2018

Саламатсыздар ма орталық қызметкерлері. Мен ауданның көшіру комиссиясының төрағасы міндетін атқарамын. Маған бейбіт уақыттағы көшіру бойынша нұсаулық материалдары қажет болып жатыр. Қолымда бар «АҚ заңы» мен ІІМ-нің №209 бұйрығынан басқа материалдар

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Айтуар.

ЖАУАП: Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі: Мазимов М.М.

Сәлеметсіз бе Айтуар!

Саламатсыз ба аудандық ЭК төрағасы. Біздің Орталықта қазіргі таңда «Бейбіт уақыттағы эвакуациялық шараларды ұйымдастыру» бойынша әдістемелік ұсыныс өңделіп сатылымға шықты, оны Орталықтың мекен жайынан ала- аласыз. И.Байзақов көшесі 300, телефон 394-56-38

22.12.2017

Сұрақ: Саламатсыздар ма? 3-курс студенті Майра Үсеновамын. Менің Орталықтарыңыздың психологына қояр сұрағым, кішкентай балалар үшін төтенше жағдай аймағында алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша материалдар бар ма. Бар болса менің алуыма бол

Жауап:  Қайырлы күн Майра. Біздің Орталықта  төтенше жағдай кезінде балаларға алғашқы психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістері бойынша материалдар  бар.  Орталыққа келіп, керекті материалдарды ала аласыз.

 Жауап берген: пс-г Исабаева Л.М.

08.12.2017

Амансыздар ма! Сырт мекемелерден келушілілер және біздің кәсіпорын аймағында орналасқан басқа заңды тұлғаның жұмысшылары біздің кәсіпорын аумағында жұмыс жасау үшін (қауіпті емес жұмыстар)өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқудан және білім тексеруінен

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Айтулхан Бакытжан.

ЖАУАП: Аға әдіскер – Дәуленов Н. 

Сәлеметсіз бе Бакытжан!

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңының 11-бап 6-шы тармағына сәйкес, қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге міндетті. Сондықтан сырт мекемелерден келушілер және басқа заңды тұлғаның жұмысшылары Сідің қауіпті кәсіпорын аумағына белгiленген талаптарға сай кіруі тиіс.

30.11.2017

Қайырлы кун! Қояр сұрағым, соңғы жаңалықтарыңызға байланысты, егер жоғарғы білім беру деңгейінде ғылыми конференция ұйымдастырсақ, сіздер келе аласыздар ма? Университетіміздің қаншалықты жер сілкінісіне дайын екенін көріп, көшіру жұмыстарын қалай жүр

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Ержанов Айбар, Алматы

ЖАУАП: оқу бөлімінің бастығы Тасиева А.А.

Қайырлы күн Айбар! Сұрағыңызға рахмет! Ия, тек алдын - ала дәл уақытын айтсаңыз қызметкерлеріміз қатыса алады.

24.11.2017

Сәлеметсіздер ме? Бұрын Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ деген оқулық шығушы еді, онда бейбіт уақытқа да, соғыс уақытына да тоқтала кететін. Ал қәзір: БЕЙБІТ УАҚЫТТА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ Ж

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Қарасай

ЖАУАП: Оқу-әдістемелік және ақпараттар бөлім басшысы – Мазимов М.М. 

Сәлеметсіз бе Қарасай!

Иә қазір БЕЙБІТ УАҚЫТТА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ  ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР және соғыс УАҚЫТЫНДАҒЫ  ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ  ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР деген атпен жеке-жеке кітап болып шығады. Хабрласып, біздің киоскіден алуыңызға болады.

 

Страница 6 из 17