Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

30.05.2017

Қайырлы күн! Мен «Металлургия»ЖШС бас маманымын. Орталықтың мамандары соғыс жағдайларында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» тақырыбы бойынша шығып сабақ өткізе ала ма және объекті мамандарын бастан жарақат алғанда қалай орап байлайтынын,

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Самат ЖАУАП: Оқу бөлімінің басшысы – Тасиева А.А. Қайырлы күн Самат ! Орталықтың мамандары Сіздің айтқан тақырыбыңыз бойынша шығып сабақ өткізе алады. Барынша толық ақпаратты Сіз мына телефон бойынша біле аласыз: 8(727)394-56-36 оқу бөлімі.
18.05.2017

Сәлеметсіздер ме? Өзімнің шағын қожалығым болғандықтан мені мына бір сұрақ қызықтырып жүр. Жазғы уақытта ең көп кездесетін өрт: дала өрті және орман өрті. Орман өртін жану ұзақтығына қарай қалай топтастыруға болады?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Имран ЖАУАП: Аға әдіскер – Адильбаева Е.Б. Сәлеметсіз бе, Имран. Иә сұрағыңыз өте орынды. Орман өртін жылдам және тұрақты деп топтастырады.
12.05.2017

Cаламатсыздар ма! Менің сұрағым төмендегідей: Жер үйді аппаттық жағдайда екенін қай мекеме анықтайды?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Алия Жапарова ЖАУАП: Аға әдіскер – Жақсылықов А.А. Сәлеметсіз бе, Алия. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларының 9-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес тұрғын үй алу үшін азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың осы жағдайды растайтын анықтамасын тапсырады. Осымен бірге, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құзіретіне жатады.
04.05.2017

Салемтесіздер ме! Сырт мекемелерден келушіліер және біздің кәсіпорын аймағында орналасқан басқа заңды тұлғаның жұмысшылары біздің кәсіпорын аумағында жұмыс жасау үшін (қауіпті емес жұмыстар)өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқудан және білім тексеруінен

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Исин Айтбек. ЖАУАП: Оқу-әдістемелік және ақпараттық бөлім басшысы – Мазимов М.М. Сәлеметсіз бе, Айтбек. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңының 11-бап 6-шы тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң), қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге міндетті. Сондықтан сырт мекемелерден келушілер және басқа заңды тұлғаның жұмысшылары Сідің қауіпті кәсіпорын аумағына белгiленген талаптарға сай кіруі тиіс. Сонымен қатар Заңның 12-бап 5 тармағына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың бiлiмдерi тексерiлуге жатады.
27.04.2017

Салеметсиздер ме? Қайырлы күн! 2014 жылғы 11 сәуірдегі ҚР «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V Заңы енгізілуіне байланысты, АҚ және ТЖ бойынша оқу-үйрену және жаттығулар өткізу жөніндегі Нұсқаулық күшін жойған жоқ па, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес,

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Ануарбеков Сайлау. ЖАУАП: Оқу-әдістемелік және ақпараттық бөлім басшысы – Мазимов М.М. Сәлеметсіз бе, Сайлау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі «Азаматтық қорғау саласында мамандарды және халықты оқыту, білімді насихаттау, ақпараттандыру Ережесін бекіту туралы» № 381 бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығуын өткізу барлық ұйымдар үшін ұсынылған. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқару органдары оқу-үйренулерін және жаттығуын өткізу кезінде, бақылаудағы аймақтардың барлық ұйымдары, соның ішінде санатқа жатпайтын ұйымдар да қатысуы тиіс. Сонымен бірге, оқу-үйренулері және жаттығуы түрлерін регламенттеу мақсатында, оларды Комитет мезгіл-мезгіл өткізіп тұратындықтан, Ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі «Азаматтық қорғау саласында мамандарды және халықты оқыту, білімді насихаттау, ақпараттандыру Ережесін бекіту туралы» № 381 бұйрығына өзгерту енгізу туралы № 1057 бұйрығы әзірленді.
18.04.2017

Салеметсиздер ме? Сіздердің Орталықтарыңызда Азаматтық қорғаныс туралы жаңа семинар-тренинг ашылыпты ғой. Тікелей осыған арналған оқулық бар ма?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Алматы тұрғыны Аңсаған ЖАУАП: Оқу-әдістемелік ақпараттар бөлім басшысы – Мәзімов Муслим Мұратұлы. Сәлеметсіз бе, Аңсаған. Орталықтан Азаматтық қорғаныс бойынша жақында жаңа оқулық шықты (екі тілде), қажет болса Орталыққа хабарласуыңызға болады тел: 394-56-38.
12.04.2017

Амансыздар ма? АҚ санатына жататын ұйымдарда үйрету-жаттығуларының қандай түрлері қаншалықты мерзімділікпен өткізілуі тиіс?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Аскар. ЖАУАП: ҚР ІІМ ТЖК АҚБ бастығы - азаматтық қорғау майоры Ахметов Сұлтан Мырзабекұлы. Сәлеметсіз бе, Аскар. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда тіркелген, тіркеу № 11134, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығына сәйкес (10 тармақ), Азаматтық қорғау саласында мамандардың және халықтың әрекет ету машықтарын жетілдіру және алған білімдерін нығайту үшін, үйренуге және жаттығуға тұратын орны, оқуы және жұмысы бойынша тартылады.
03.04.2017

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі таңда АҚ құрылымдарын қамтамасыз етуге арналған жеке дәрі қорапшасымен (АИ-2 түрімен) ұйымдардағы АҚ құрылымдарын қамтамасыз ету үшін (қандай нормативтік-құқықтық актілерге негізделіп) ұсынылады?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Айбын Орманов. ЖАУАП: ҚР ІІМ ТЖК АҚБ бастығы - азаматтық қорғау майоры Ахметов Сұлтан Мырзабекұлы. Сәлеметсіз бе, Айбын. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Ішкі істер министрлігі болып табылады және қолданыстағы заңға сәйкес (ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңының 13-бабы) қандай да бір аспаптарды немесе дәрі қорапшасын ұсынуға құқығы жоқ, өйткені бұл кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесі болуы мүмкін.
29.03.2017

Өндірістік кәсіпорында өрт болған кезде көшіру жоспарын қалай дұрыс жасау керектігін мен қайдан біле аламын? Бекітілген ереже бар ма?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Руслан ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: аға әдіскер А.А. Жаксылыков Өрт туындаған жағдайда адамдарды көшіру жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2014 жылғы 9 қазанда бекітілген №1077 Өрт қауіпсіздігі ережесінің № 1 қосымшасы талаптарына сай орындалады. Сәлеметсіз бе, Меруерт! Әрине кез келген уақытта мемлекеттік сатып алу парталына келісім-шартты ілуіңізге болады.
29.03.2017

Сәлеметсіз бе? ҚР «Азаматтық қорғау туралы»заңын түсіндіру үшін Орталық қызметкерлері шығып сабақ өткізу мүмкіндіктері бар ма?

Сұрақты қойған : Әділбек. Жауап: Құлымбетова Х.А. ҚР «Азакматтық өорғау туралы» Заңы сабақтышығып өткізбейміз. Аталған сабақ әрбір дүйсенбі сайын бізде оқитын тықдаушылар үшін өкізіледі. Біз сізді өзімізде өтетін курсқа оқуға шаөырамыз.Толық ақпаратты мына телефоннан біле аласыз.
Страница 8 из 16