Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

12.04.2017

Амансыздар ма? АҚ санатына жататын ұйымдарда үйрету-жаттығуларының қандай түрлері қаншалықты мерзімділікпен өткізілуі тиіс?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Аскар. ЖАУАП: ҚР ІІМ ТЖК АҚБ бастығы - азаматтық қорғау майоры Ахметов Сұлтан Мырзабекұлы. Сәлеметсіз бе, Аскар. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда тіркелген, тіркеу № 11134, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығына сәйкес (10 тармақ), Азаматтық қорғау саласында мамандардың және халықтың әрекет ету машықтарын жетілдіру және алған білімдерін нығайту үшін, үйренуге және жаттығуға тұратын орны, оқуы және жұмысы бойынша тартылады.
03.04.2017

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі таңда АҚ құрылымдарын қамтамасыз етуге арналған жеке дәрі қорапшасымен (АИ-2 түрімен) ұйымдардағы АҚ құрылымдарын қамтамасыз ету үшін (қандай нормативтік-құқықтық актілерге негізделіп) ұсынылады?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Айбын Орманов. ЖАУАП: ҚР ІІМ ТЖК АҚБ бастығы - азаматтық қорғау майоры Ахметов Сұлтан Мырзабекұлы. Сәлеметсіз бе, Айбын. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Ішкі істер министрлігі болып табылады және қолданыстағы заңға сәйкес (ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңының 13-бабы) қандай да бір аспаптарды немесе дәрі қорапшасын ұсынуға құқығы жоқ, өйткені бұл кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесі болуы мүмкін.
29.03.2017

Өндірістік кәсіпорында өрт болған кезде көшіру жоспарын қалай дұрыс жасау керектігін мен қайдан біле аламын? Бекітілген ереже бар ма?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Руслан ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: аға әдіскер А.А. Жаксылыков Өрт туындаған жағдайда адамдарды көшіру жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2014 жылғы 9 қазанда бекітілген №1077 Өрт қауіпсіздігі ережесінің № 1 қосымшасы талаптарына сай орындалады. Сәлеметсіз бе, Меруерт! Әрине кез келген уақытта мемлекеттік сатып алу парталына келісім-шартты ілуіңізге болады.
29.03.2017

Сәлеметсіз бе? ҚР «Азаматтық қорғау туралы»заңын түсіндіру үшін Орталық қызметкерлері шығып сабақ өткізу мүмкіндіктері бар ма?

Сұрақты қойған : Әділбек. Жауап: Құлымбетова Х.А. ҚР «Азакматтық өорғау туралы» Заңы сабақтышығып өткізбейміз. Аталған сабақ әрбір дүйсенбі сайын бізде оқитын тықдаушылар үшін өкізіледі. Біз сізді өзімізде өтетін курсқа оқуға шаөырамыз.Толық ақпаратты мына телефоннан біле аласыз.
14.03.2017

Сәлеметсіздерме. Мен Райхан Жуманова сіздерге қояр сұрағым: лаңкестік оқиға кезінде зардап шегушілерге психологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктері жайында материалдарды сіздерден таба аламын ба? Алдын –ала рахметімді айтамын.

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Райхан ЖАУАП: Аға оқытушы-психолог Исабаева Л.М. Сәлеметсіз бе Райхан. Иә қазіргі таңда лаңкестік өзекті мәселе болып тұр. Біздің Орталықта бұл жайында арнайы тақырыпта дәріс оқылады және лаңкестіктен зардап шегушілерге жағдайға байланысты алғашқы психологиялык көмек көрсетудің экстремалды жағдайдағы көмек көрсетуден айырмашылығы айтарлықтай көп емес. Егер материалдар қажет десеңіз біздің Орталықпен хабарласыңыз.
28.02.2017

Сәлеметсіздер ме! Сіздердің орталықтарыңызда азаматтық қорңаныс тобы наурыз айында құрылады ма, құрылса қай уақытта?

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Айсұлу ЖАУАП: Оқу бөлімімің бастығы– Тасиева А.А. Сәлеметсіз бе, Айсұлу! Иә, 13 мен 15 наурыз аралығында. Осы уақытқа мәлімдемеңізді жібірсеңіз болады.
21.02.2017

Сәлеметсіздер ме! Сіздердің сайттағы Азаматтық қорғаныс бойынша семинар тренингтің коммерциялық ұсыныстарыңызды көріп қатты қуандым. Сәуір айында оқуға барамын деп жоспарлап отырмын. Сол үшін қазірден келісім-шарт жасап қойсақ деп едім. Осы мақсатта

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Меруерт ЖАУАП: Оқу бөлімімің бастығы– Тасиева А.А. Сәлеметсіз бе, Меруерт! Әрине кез келген уақытта мемлекеттік сатып алу парталына келісім-шартты ілуіңізге болады.
08.02.2017

Сәлеметсіздер ме! Қандай жағдайда көшіру аяқталды деп саналады? – деген сұраққа жауап іздеп едім, көмектесіп жіберсеңіздер.

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Шоқан ЖАУАП: Бас сарапшы-аудармашы: З.А.Ашенова Сәлеметсіз бе Шоқан, соңғы адам қауіпсіз аймаққа өткен кезде көшіру аяқталды деп есептеледі. Бұл туралы бізден шығатын «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БОЙЫНША оқу құралында» толық берілген.
02.02.2017

Сәлеметсіздер ме! Сіздердің сайттағы Азаматтық қорғаныс бойынша семинар тренингтің коммерциялық ұсыныстарыңызды көріп қатты қуандым. Сәуір айында оқуға барамын деп жоспарлап отырмын. Сол үшін қазірден келісім-шарт жасап қойсақ деп едім.

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН: Меруерт ЖАУАП: Оқу бөлімімің бастығы– Тасиева А.А. Сәлеметсіз бе, Меруерт! Әрине кез келген уақытта мемлекеттік сатып алу парталына келісім-шартты ілуіңізге болады.
24.01.2017

Сәлеметсіздер ме! 2017 жылы 29 қаңтарда 28-ші Қысқы Универсиада өтетінін білесіздер.Маған адамдар көп келетін, көп жиналатын жерде ТЖ туындаған кездегі халықтың іс-әрекеті бойынша материалдар керек (фильмдер, буклеттер, жарнамалар т.б.)

СҰРАҚТЫ ҚОЙҒАН:Назгуль. ЖАУАП: Оқу-әдістемелік ақпараттар бөлім басшысы – Мәзімов М.М. Сәлеметсіз бе, Назгуль. Келесі мекен жайы бойынша толық ақпарат ала аласыз: И.Байзақов көшесі 300, тел: 8(727) 394-56-38.
Страница 9 из 16