Қайта байланысу формасы

Сіздің есіміңіз(*)
Қате енгізу

Сіздің e-mail(*)
Қате енгізу

Сіздің сұрағыңыз(*)
Неверный ввод

(*)

Неверный ввод

Анти-спам
Қате енгізу

Сұрақ-жауап

07.12.2016

Сәлеметсіз бе! Сіздердің ұйымдарыңызда терроризм және психология бойынша жаднамалар бар ма? Оны қалай алуға болады?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Шолпан ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Аға әдіскер Адильбаева Е.Б. Сәлеметсіз бе! Әрине бар, тероризм және психологиға қатысты жаднамаларды 8(727) 3945638 осы номер бойынша хабарласып мағлұмат біле аласыз.
23.11.2016

Сәлеметсіздер ме, Менің есімім Майра, студентпін. Алматыда жауған қардың қалыңдығы төтенше жағдайға жатқызыла ма? Төтенше жағдай жариялау үшін қардың қалыңдығының шектеуі бар ма? Мені осы сұрақ қызықтырады, рахмет.

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Майра ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Аға оқытушы Исабаева Л.М. Иә, Майра төтенше жағдай жариялау үшін қардың шектедеулі қалыңдығы 12 сағаттың ішінде 20 см - ден көп болуы керек. Ол туралы ҚР ІІМ 03.03.2015 жылғы №175 бұйрығымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында» көрсетілген.
14.11.2016

Сәлеметсіздер ме! Сіздердің орталықтарыңызда жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз орындарды белгілейтін арнайы шартты белгілерді жасай ма? Бар болса қалай алуға болады?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Гульнур  АҚ және ТЖ бойынша маман

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Оқу бөлімінің бастығы   Тасиева А.А

 

Өкінішке орай ондай шартты белгілер жоқ.

08.11.2016

Нормативтік-құқықтық актілер туралы Сіздерде қазақша оқулық бар ма? Жалпы қазақ тілінде қандай оқулықтар бар?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Ибраһим

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Бас сарапшы-аудармашы:      З.А.Ашенова

 

Нормативтік-құқықтық актілер туралы  қазақ тілінде оқулықтар бар. Бізде оқулықтар мен оқу құралдары, жаднамалалар, плакаттар тағы басқалардың барлығы екі тілде шығады. Толық ақпаратты келесі телефон арқылы ала аласыз: 8(727) 3945638

02.11.2016

Сәлеметсіз бе! Соңғы кездері үйлену тойларын, мерей тойларды және басқа салтанатты мерекелерді өткізу кезінде кафенің қасында отшашулар жағу сәнге айналды. Қандай жағдайларда қасында тұрған үйлер зардап шегуі мүмкін?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Айдана Маратовна

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Аға әдіскер   А.А. Жақсылықов

ҚР Ішкі істер Министрі міндетін уақытша атқарушының  2005 жылғы 23 сәуірдегі «Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданумен жасалған бұйымдарды  кіргізу, шығару, жою, тасымалдау, пайдалану, есепке алу, сақтау ережесін бекіту туралы» №242 бұйрығына сәйкес, отшашуды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың ішкі істер органдарымен келісілген  лицензиясы және рұқсат етілген құжаттары болуы тиіс, өйткені қызметтің бұл түріне бақылауды солар жасайды.

25.10.2016

Қайырлы күн! Орталықта ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінің «Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы» туралы бірігіп шығарған №748, 824 бұйрықтары бар ма? Оны Сіздерден қалай алуға болады?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Аида

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Оқытушы Кулумбетова Х.А

Аталған бұйрық Орталықта бар. Сайтта көрсетілген мекен-жайға хабарласыңыз немесе мына телефонға қоңырау шалыңыз: 394-56-38.

21.10.2016

Қайырлы күн! Аймақтық масштабтағы ТЖ-ды кім жариялайтынын білуім қажет еді. Осы сұрағымажауап қайтара аласыздар ма?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Шолпан

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Адильбаева Е.Б

Қайырлы күн! Аймақтық масштабтағы ТЖ-ды ҚР Премьер-министрі жариялайды.

11.10.2016

Қайырлы күн! Айтыңызшы, ұйымдарда сейсможаттығулар жиі болып тұруы қажет пе?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Есен

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Дауленов Н.М.

Сейсмоқауіпті аумақтарда орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында, сондай-ақ орта және жоғару оқу орындарында, АҚ саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өкілдерімен бірге ұйымдардың басшылары тоқсан сайын сейсмо-жаттығулар өткізіп отырады.

04.10.2016

Қайырлы күн! Мен «Терроризмге қарсы әрекет етуді ұйымдастыру» тақырыбында екі тілде шыққан плакаттарды сатып алуыма бола ма?

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Асқар

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Увалиева Д.С.

Қайырлы күн! Қазіргі кездеплакаттар екі тілде бар. Сіз сатып алу үшін мына телефонға: 8(727) 394-56-38 хабарлассаңыз болады, сондай-ақ құнын және аталған тақырып бойынша қосымша материалды сайттағы прайс-парақтан көре аласыз.

26.09.2016

Қайырлы күн, сіздердің орталықтарыңызда сел тасқыны туралы жаднама немесе бейнефильмдеріңіз бар ма? Қалай алуға болады?

 

СҰРАҚ ҚОЙҒАН: Алия Болатқызы

ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН: Аға әдіскер Жаксылыков А.А.

Сәлеметсіз бе, Алия. Келесі мекен жайы бойынша сел тасқыны туралы толық ақпарат ала аласыз : И.Байзақов көшесі 300,  8(727) 394-56-38.

Страница 10 из 16