Дистанциялық оқыту

Азаматтық қорғау саласындағы қауіпті өндірістік объектілер басшы құрамына

БІЛІМГЕ және СЕРТИФИКАТҚА

7 қарапайым қадам

 

1. Оқыту бағдарламасымен және ережесімен www.tg-oku.kz сайтынан танысу

2. Оқуға тапсырыс беру

3. Шарттың шартымен келісу және 2 данада қол қойылған шартты мөр басып оқу Орталығына жіберу

4. Шартты және оқу материалдарын бақылау жұмыстарымен пошта арқылы алу

5. Оқу материалдарын оқып білу, өз бетімен дайындалу және бақылау жұмыстарын орындау

6. Оқу орталығында міндетті, жеке Тест сынағын тапсыру

7. Мемлекеттік үлгідегі сертификатты алу және оқуға көрсетілген қызмет ақысын төлеу

 

 

ДИСТАНЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ЕРЕЖЕСІ

 

 Азаматтық қорғау саласында оқудан өткісі келетін тұлға:

 

 

 

1. www.tg-oku.kz сайтына орналастырылған:

 

   - оқу бағдарламасымен;

 

   - оқу материалдарымен;

 

   - оқуға тапсырыс беру формасымен;

 

   - оқуға арналған шарт жобасымен танысады.

 

2. Оқу Орталығына дистанциялық оқуға: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ) электронды поштаға тапсырыс жібереді.

3. Шартта көрсетілген шартпен келіседі және рәсімделіп, қол қойылып, мөр басылған шартты (2 данада) келесі мекен-жайға жібереді: 050040, Алматы қаласы, Байзақов к-сі 300, ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитеті «Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығы».

4. Пошта арқылы оқу Орталығынан бір дана рәсімделген шартты, тест сұрақтарының тізімімен Азаматтық қорғау жөніндегі оқу құралын, сондай-ақ бақылау жұмысын алады.

5. Оқу бағдарламасына сәйкес, оқу материалдарын өз бетімен оқып үйренеді және игереді. Бақылау жұмысын орындайды. Қажет болған жағдайда оқылатын тақырыптар бойынша электронды пошта арқылы жазбаша түрде консультация алады.

6. Оқу бөлімімен келісілген және өзіне ыңғайлы уақытта бақылау жұмысы мен тест сынақтарын тапсыру үшін оқу Орталығына келеді.

7. Азаматтық қорғау саласындағы оның дайындық дәрежесі анықталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі СЕРТИФИКАТ АЛАДЫ. (Ескерту: дайындық дәрежесін бақылау жұмысының бағасы және тест сынағының қорытындысы ескеріле отырып, бекітілген әдістеме бойынша емтихан комиссиясы анықтайды). Счет-фактурасын және орындалған қызмет актісін алғаннан кейін, оқу шартының келісімі бойынша, оқуға көрсетілген қызмет ақысы төленеді.

 

 

Оқу бөлімі байланыс

 

телефондары:             8-705-301-7-301

 

                                       8-727-394-56-36