Орталықта ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша бейнесабақ түсірілді

10.02.2021

Осы аптада Орталықта жоспар бойынша бір айға созылған «Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық тренинг» тақырыбына арналған бейнесабақтың қазақ тіліндегі түсірілімі аяқталды. Бұл бейнесабақта біз төтенше жағдайда дамитын негізгі психогендік реакциялардың түрлері мен белгілеріне тоқтала отырып, қалай көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістерін көрсеттік. Бұл көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістерін тек психолог мамандар ғана емес, төтенше жағдай аймағында немесе оқыс оқиғаға тап болған кез келген адам психологиядағы негізгі принциптерді ұстана отырып, зардап шегушіге көмек көрсете алады.